Жетісай қаласы әкімінің келіні көпбалалы аналардан ақша жинап жүр ме?

266
Көпбалалы ана жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтін Ақбота Сартаеваны 8 миллион теңге пара алды деп айыптап отыр, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Динараның айтуынша, оның үйіне әкімнің келіні келіп, өзі сияқты көпбалалы аналарға көмектесуге дайын екенін айтыпты. Қазір Динараның қолында Ақбота Сартаеваның ақша жинап алғанына қатысты барлық қажетті дәлел бар.

«Мен анау-мынау емес, қала әкімінің келінімін. Мен сізді алдап кетпеймін. Бәріне шығарып беремін деп, бастапқыда 20 адамның ақшасын алып атаулы әлеуметтік көмек шығарып береді. Сартаева Ақбота әкімнің келіні. Қалған 60 адамның ақшасы мен құжатын жинап алып, шығармай қояды. 8 миллион теңге халықтың ақшасын қайтарып берсін. Әділ түрде шешілсін деймін. Ақша алған записьтері бәрі бар менде. Енді сотқа өткіземін деп отырмын», - дейді Динара Қазыбекова.

Түркістан облысы жұмыспен қамту басқармасы Ақбота Сартаеваның Жетісай аудандық жұмыспен қамту орталығында жұмыс істейтінін растады. Бірақ ол көпбалалы ана жала жауып отыр деп сотқа арыз түсіріпті.

«Ақбота Сартаева бұл мәліметтердің жалған екенін дәлелдеу үшін 21 қазан күні көпбалалы ана Динара Қазыбекованың өзін сотқа берді. Әлі шешім шыққан жоқ. Талап-арызды 3-4 күн бұрын түсірген», - деді Түркістан облысы жұмыспен қамту басқармасының бас маманы Махамбет Абдулла.

Ал полиция департаменті 60 адамнан Ақбота Сартаеваның үстінен арыз түскен-түспегенін анықтап жатқанын хабарлады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.