Шенеуніктер салынбаған жолды пайдалануға беріп, 450 млн теңгені қалтаға басқан

279
Солтүстік Қазақстан облысының шенеуніктері «Ауыл – Ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы бойынша ірі көлемдегі мемлекет қаражатын жымқырған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қаржылық мониторинг агенттік өкілдерінің мәліметінше, өңірде жол төсемі болмай тұрып, пайдалануға беру туралы құжаттарға қол қойылған. Жоспарланған 53,5 шақырым жолдың 27 шақырымы жоқ. Келтірілген шығын көлемі шамамен 450 миллион теңгені құрады.

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда жол салу кезінде жымқыру фактісі бойынша қозғалған қылмыстық істі тергеу нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар адамдар анықталды. Іс сотқа жіберілді. Жергілікті тұрғындар үшін бұл жолдың салынуы облыс орталығынан шалғай орналасқандықтан әлеуметтік маңызы бар.

ҚМА Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің осындай жұмыстарды жүргізуі қазір кейбір учаскелерде жұмыс істеп тұрған тас жол құрылысын қалпына келтіруге мүмкіндік берді.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.