Apple компаниясына қолданушылардың әңгімесін рұқсатсыз тыңдағаны үшін шағым түсті
Apple-ге Siri арқылы қолданушылардың дауысын рұқсатсыз жазғаны үшін шағымдар түсуде, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Атап айтқанда, адамдардың жеке әңгімелері келісімсіз тыңдалған. Бұл туралы The Guardian порталы мәлімдеді.
Бұл ретте корпорация айыптауларды жоққа шығарады. Apple-ге қарсы сот ісінде iPhone смартфонында Siri іске қосқаннан кейін ол иелерінің жеке әңгімелерін үнемі жазып, ақпаратты жарнама берушілерге жеткізетіні айтылды.
Екі шағымданушы да әңгімелесу арқылы Air Jordan кроссовкалары мен Olive Garden мейрамханалары туралы айтқан. Содан соң оларға телефоннан осы брендтердің жарнамалары шыға берген. Тағы бір жәбірленуші дәрігермен денсаулықты талқылағаннан кейін хирургиялық емдеу туралы жарнамаға қалай тап болғанын айтты.
АҚШ-та iPhone иелері телефоннан белгісіз дауыстар шыққанын айтып, дабыл қақты
Apple компаниясы IPhone-дағы SIM картаның орнын алып тастайды
Талапкерлер Apple олардың әңгімелерін жазбас бұрын келісім жасамағанын айтады. Олардың айтуынша, бұл құқық бұзушылық 2014 жылдың 17 қыркүйегінен 2024 жылдың 31 желтоқсанына дейін, "Сәлем, Siri" функциясы енгізілгеннен бері болып жүр.
Егер сотта бұлар дәлелденсе компания 95 миллион доллар төлейді. Барлық арызданушыны ескерсек, онда жалпы сомадан әрқайсысына 20 миллион доллар кетеді.