Қызылордада көпқабатты үйлерді қандала қаптап барады

699

Фото: pixabay.comҚызылорда қаласының көп қабатты тұрғын үйлерін кене мен қандала қаптауда-, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Бүгінде көпқабатты тұрғын үйлердің иелерінің айтуынша, төсекке, киімге жұққан қансорғыштан құтылу өте қиын. Оны камералық дизенфекциялау керек немесе біржола көзін құрту керек, дейді.  Балаларымыздың денесі шаққаннан бөртіп, қызыл жара баса бастады деген тұрғындар, тиісті шара көрілсе деп сұрайды.


«Абдрахманов көшесіндегі жаңа үйлерді кене басып жатыр, кскга айтсак, қатысымыз жоқ өздеріңіз улаңыздар, үйдің шатырына жауап бермейміз, дейді. Қанша ма отбасы бар, оның үстіне майда бала көп. Соны колға алатын мекеме таппай дал болып отырмыз»,- дейді Бану.



Дүние-мүліктің ішіне ұя салған жәндіктерден құтылар жол таппаған тұрғындар, әкімдіктен араша сұрайды. Ал тиісті орындардан көмек сұрағанымен нәтиже жоқ. Дезинфекция саласы мамандарының өзі көмек бере алмай қауқарсыз. Амалы құрыған соң тұрғындар соңғы уақытта өздері қандаладан құтылудың түрлі тәсіліне көшкен.


«Мына кенелер ас бөлменің ауасорғышынан шығып жатыр.  Көпқабатты үйлердің ішінде салынған, желдеткішті ашып, ішіне дихлофос сеуіп, тарақанның, басқаның уын сеуіп, амалсыздан отырмыз.»,- дейді Бибісара.


Ең сорақысы кене басқан үйдің тұрғындары шарасыздықтан, пәтер жағалап, дүниесін арқалап жүр. Бұл жөнінде сала мамандары
«Паразиттен қашып, пәтер  жағалап, көшіп жүргендер өзінің тасымалдаушы екенін білмейді де. Басты себеп – пәтер жалдап тұратындар ғой. Пәтерден пәтерге көшіп жүреді. Бізде  жалға алушылар көп. Солармен бір жерден екінші жерге көшеді. Мысалы, қандаласы жоқ пәтерге өзімен қандала алып келеді. Сөйтіп подъезге жаяды», - дейді дезинфектор.


Паразит суық пен ыстыққа төзімді, жойылуы қиын. Түпкілікті құтылудың амалы да жоқ. Сондықтан әр үйдің иесі шамасы мен жүйкесі жеткенше, шағатын жәндікпен өзі күресуі тиіс. Өйткені қаланың санэпидемиялық орталығы қандаладан баспананы тазалау жұмысын өз мойнына алмайды. Оған себеп, «тұрғын үйге (жәндіктерден, кене, таракан) дезинфекциялау жұмыстары жеке кәсіпкерлермен немесе Ұлттық сараптама орталығы тарапынан үй иесімен келісім шартқа отыру негізінде ақылы түрде жүргізіледі. Қалалық санитариялық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының тапсырысы тек ауру ошақтарында дезинфекция жұмыстарын жүргізуге ғана есептелген»,- дейді сала мамандары.


«Мұндай бәле жоқ еді, қайдан келгенін… Осы бөлмеде пайда болды. Түсқағазын ауыстырып жатырмыз. Көршілермен қосылып, 2 рет дезинфекция жасадық. Көрпе-төсекті далаға жайсақ та құтылмадық.»,- Гүлмира.



Ал, мамандар болса үйдің тұрғындары жәндіктермен жаппай күресіп, үйді толық дәрілеу қажет деп отыр. 


«Тұрғындар кәсіби мамандарға хабарласқаны жөн. Сосын мамандардың залалсыздандыру кезінде айтқан шараларын орындамаса нәтижесі болмайды. Себебі, бұл жәндіктер кел келген дәрілерге өле бермейді»,-дейді дезинфектор