Нұрлан Мәсімовке қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

1 524

Павлодар облысы ПД экс-басшысы Нұрлан Мәсімовтің ісіне қатысты апелляциялық шағым қаралды. Бірінші сатыдағы соттың оған қатысты үкімі өзгеріссіз қалды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

 Апелляциялық алқа Нұрлан Мәсімов пен оның бұрынғы орынбасары Дамир Сиразидимовқа қатысты бірінші сатыдағы сот үкімін өзгеріссіз қалдырды. Алайда сот үкімі бойынша кәсіпкер Евгений Евковичке бас бостандығынан айыру мерзімі 7 жыл болса, енді 5 жылға дейін қысқартылды. Келтірілген шығын толық есепке алынды.


Экс-полицейлерге 90,3 миллион теңге көлемінде пара алды және 420 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды. Алайда сот барысында пара мөлшері 86 млн теңге екені белгілі болды. 

 2023 жылдың 10 тамызында іс бойынша үкім шығарылып, Нұрлан Мәсімов 10 жылға, Дамир Сиразидимов 8 жылға бас бостандығынан айырылды, ал тергеушілердің пікірінше, пара берген кәсіпкер Евгений Евкович 7 жылға колонияға жіберілді. Сотталушылар үкімге аппеляциялық шағым түсірді. 23 қарашада Павлодар облыстық сотында өткен сот отырысында Евгений Евковичтің 420 миллион теңге көлеміндегі шығынды толығымен өтегені белгілі болды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.