Шерзат Болаттың әкесі қамауға алынды

1 469

Фото: Airan MediaАлматы облысы Еңбекшіқазақ аудандық сотында марқұм Шерзат Полаттың әкесі мен туыстарына қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша қамауға алынды, -  деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі), С. Нұрымова әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды. 

Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы заңнаманы бұзғаны үшін (ӘҚБтК-нің 488-бабы, 8-бөлігі), азаматтығы жоқ тұлға Б. Рейімова 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, Қазақстан Республикасынан шығарылады. 

Қоғамдық орында былапыт сөздер айтып, құқық қорғау органдары қызметкерлеріне құрметсіздік танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын әрекеттер жасап, сондай-ақ көлік қозғалысына кедергі келтіргені үшін (ӘҚБтК-нің 434-бабы, 1-бөлігі), Қаржаубай Нұрымов 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.