Әлеуметтік желіге пікір жазған ер адамды балтамен ұрып кеткен

323

Коллаж: Халық үніКентау қаласында желіде газ құбырын арзан бағаға тарту туралы хабарламаға пікір жазған 21 жастағы жігіттің денесін бірнеше жерден балталаған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.


Исламбек Мырзахметов Instagram желісінде газ компаниясында жұмыс істейтін ер адамның жазбасына пікір қалдырған.


«Әлеуметтік желідегі жарнамаға өз ойымды жазып, пікір қалдырған едім. Сосын менің ұялы телефоныма қоңырау түсті. Түсінгенім бойынша маған хабарласқан адам жарнама берген компанияның иесі. Мені өзімен кездесуге шақырды. Шымкентте екенімді, Кентаудаға бірнеше күннен кейін баратынымды айттым», - дейді жәбірленуші Исламбек Мырзахметов.


Содан кейін ер адам белгіленген күні Исламбек Мырзахметовтің жұмыс орнына барған. Мырзахметовтің айтуынша, ер адам оны бірден соққыға жыққан. Оның жанында тағы бір ер адам болған. Оны балта алып келуге жіберген.

Жұмыс орныма кірген бетте мені ұрып құлатты. Жанында бетперде киген адам бар еді, оған балта алып келуді тапсырды. Балтамен басымнан тоқтаусыз соққылады. Кейін қолдарымды балтаман ұра бастады, - дейді жәберленуші.


Ер адам ауруханаға 12 қыркүйек түскі он екі шамасында жектізілген.

Дәрігерлердің айтуынша, науқасты медицина мекемесінде дәл уақытында жеткізген.

«Денесін балтамен соққылаған. Оң білегі, басы, сол алақаны соғылған екен. Сонымен қатар бетін де балтамен ұрып, жарақаттаған. Ол жердегі соққы аса ауыр емес. Егер науқас дер кезінде жеткізілмегенде, қансырап қайтыс болуы да мүмкін еді», - дейді Кентау қалалық ауруханасы травмотология бөлімінің меңгерушісі Асқар Жұмбеков.


Соққы астында қалған жігіт ауруханадан жуырда үйіне шықты. Оның сөзінше, қаладағы полиция бөлімінің тергеушілері жағдайға байланысты салғырттық танытып отыр. Тергеудің күмәнді тұсы көп екенін айтады.
Себебі екі адам соққыға жыққанымен, бір адамнан ғана жауап алынған.


Күдікті тарапынан қазір түсініктеме алынды. Жәбірленуші ауруханадан бүгін шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Денсаулығына байланысты қосымша тексеру жұмыстары жүргізіледі, - дейді Кентау қаласы полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Бағлан Янкин.



Айта кетейік, бұл іске байланысты қазірге дейін ешқандай іс қозғалмаған. Күдіктіге қатысты қылмыстық не әкімшілік іс қозғалу туралы шешім сот-медициналық сараптама тағайындалғаннан кейін белгілі болады.
Ал оның нәтижесі 10 күннен кейін шығады.


Мырзахметовтің ауыр жарақат алғанын анықтаса, қылмыстық іс қозғалады. Басқа жағдайда күдікті әкімшілік жауапкершілік арқалайды.