Бектенов сауда желілеріне ескерту жасады

1 508

Фото; PinterestПремьер-министр Олжас Бектенов бөлшек сауда желілерінің иелерін Қазақстанда жасалған тауарларға деген көзқарастарын қайта қарауға шақырды, - деп  хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет басшысының айтуынша, отандық халық тұтынатын тауар өндірушілер сауда орындарына қолжетімділік мәселесіне жиі тап болады. Оның ішінде жалдау ақысының қымбаттығы да кедергі келтіреді.

Бектенов бұл жағдай қазақстандық өнімдердің ішкі нарықтағы үлесін арттыруға кедергі келтіріп, олардың бәсекеге қабілеттілігін төмендететінін атап өтті.

"Сауда желілерінің иелері қазақстандық өндіріс тауарларына деген көзқарасын қайта қарауы керек деп есептеймін. Отандық өнімдерге зиян келтіре отырып, импорттық тауарларға басымдық беру тек құқықтық тұрғыдан емес, моральдық жағынан да дұрыс емес", – деді Бектенов.

Премьер-министр сауда және интеграция министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен, өңір әкімдіктерімен және "Атамекен" палатасымен бірлесіп, барлық санаттағы отандық тауар өндірушілерге сауда алаңдарын жалға алуда қолайлы жағдай жасау тетіктерін әзірлеуді тапсырды.

Атап айтқанда, әңгіме жеңіл өнеркәсіп және тұрмыстық химия өнімдерін өндірушілер туралы болып отыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.