Мектеп директоры орыс тілін қолдап, қазақтың тарихына 70 жылды берді
594
Алматыдағы №132 гимназиясындағы қазақша жазулар жетімнің күйін кешіп, мектеп директоры орыс тілін қолдап отыр, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Бұл туралы әлеуметтік желі белсендісі Дархан Ардақұлы ТикТок желісіне бірнеше видео жариялады.
Алғашқы видеода мектеп ұжымы оқушыларды “Россия нам 30 лет” атты фильмге апарғаны айтылады.
Белсенді 132 гимназияның директоры Абдиманапова Қарлығаштан Ресей пропагандасын насихаттайтын фильмге не үшін апарғандарын сұрады. Ал директор “сіз кімсіз меннен сұрақ алатын” деп ашуланып, фильмде Ресей пропагандасы жоқ екенін айтып ақталды.
Сондай-ақ, мектеп директоры “Қазақстанның 70 жылдық тарихы бар” деп көптің ашуын туғызды.

Бұл мектеп оқушыларға орыстың саясатын жүргізіп отыр. Бұл не масқара! Тәуелсіз елге орыстың саясатын жүргізу деген бассыздық!, - деді видеода белсенді.
Белсенді 132 гимназияның директоры Абдиманапова Қарлығаштан Ресей пропагандасын насихаттайтын фильмге не үшін апарғандарын сұрады. Ал директор “сіз кімсіз меннен сұрақ алатын” деп ашуланып, фильмде Ресей пропагандасы жоқ екенін айтып ақталды.
20 оқушы барды. Фильмнің ұйымдастырушылары кәсіптік бағдар бойынша фильм деп ақпарат берді. Біз Ресей саясатын жүргізіп жатқан жоқпыз…
Қателік болды, мен оны мойындаймын. Білім басқармасынан қатаң сөгіс алдым. Оған байланысты мен өз жұмысымды басқаша ұйымдастыратын болдым. Мен балаларымды ешқайда шығармаймын және мектепке ешкімді кіргізбеймін. Өйткені, барлық өткізілетін іс-шараның мазмұнына қарап жатырмыз. Мектепте өтіп жатқан іс-шаралардың барлығы орыс тілі тобы болсын, қазақ тілі тобы болсын, тек қазақша өтеді, - деді директор.
Қателік болды, мен оны мойындаймын. Білім басқармасынан қатаң сөгіс алдым. Оған байланысты мен өз жұмысымды басқаша ұйымдастыратын болдым. Мен балаларымды ешқайда шығармаймын және мектепке ешкімді кіргізбеймін. Өйткені, барлық өткізілетін іс-шараның мазмұнына қарап жатырмыз. Мектепте өтіп жатқан іс-шаралардың барлығы орыс тілі тобы болсын, қазақ тілі тобы болсын, тек қазақша өтеді, - деді директор.
Сондай-ақ, мектеп директоры “Қазақстанның 70 жылдық тарихы бар” деп көптің ашуын туғызды.
70 жылдық тарихымыз бар ғой. Біз мектепте оқып жатқан кезде, бізге “адам болғың келсе, орысша оқы” деп айтты, - деді директор Қарлығаш Ақанқызы.