Қостанайдағы өртке байланысты мекеме басшысы қамауға алынды

321

Фото - Caravan.kzҚостанай облысындағы орман өрттеріне байланысты "Басаман орман шаруашылығы" мекемесінің басшысы қамауға алынды, деп хабарлады Opennews.kz ақпарат агенттігі.



Қостанай облысының прокуратурасы осы жылдың 13 қыркүйегінде «Басаман орман шаруашылығы мекемесі» КММ-нің басшылығына қатысты ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдалану фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдарын (ҚР Қылмыстық кодексінің 361-бабы 4-бөлігі 3-тармағы) бастады.


«Сол күні мекеме басшысы ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабы тәртібінде ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. 15 қыркүйекте сот мекеме басшысына қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берді», – деп жазылған Қостанай облысының прокуратурасы таратқан хабарламада.



Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді. Тергеу жалғасып жатыр.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.