Ағасының кеудесіне пышақ сұғып алған ер адам сотталды

1 379

Фото: istockphoto.comСәтбаев қаласында жанжал үстінде ағасының кеудесін пышақ тыққан ер адамға қатысты сот үкімі жарияланды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Қалалық соттың мәліметінше, оқиға биыл 11 тамыз күні шамамен сағат 21:00-де болған. Айыпталушы азаматтық әйелімен бірге үйіне мас күйінде келген. Ал үйінде оның ағасымен қарындасы болған. Шамалы уақыттан кейін қонақ бөлмеге кіргенде, ағасы мен қарындасының бір-бірімен ұрысып жатқандығы туралы көрініске куә болған ол ағасын сабырға шақырған. Алайда, ағасы одан әрі агрессия таныту салдарынан жанжал шыққан.

Шамамен 22:00-де сотталушының ағасына ауыр дене жарақатын келтіру туралы ой-ниетін  жүзеге асыру үшін ас бөлмеге барып, үстелден ас үй пышағын алып, диванда жатқан ағасының кеудесінің оң жақ тұсына бір рет тығып алған. Салдарынан зардап шегуші Сәтбаев қаласының №1 орталық ауруханасына «Оң жақ кеуде аймағының тесілген пышақ жарақаты, пневмоторакс» деген диагнозбен жеткізілген.

«Сот отырысында сотталушы кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін айтты. Сондай-ақ оның кінәсі сотқа ұсынылған және сотта зерттелген дәлелдермен расталды. Жаза тағайындау кезінде сот кінәні толық мойындау және ауырлататын себептердің болмауы сияқты жеңілдететін мән-жайларды ескерді. Сот үкімімен ҚР ҚК 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 4 (төрт) жыл мерзімге  бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде өтеу белгіленді.Үкім заңды күшіне енген жоқ», - делінген хабарламада.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.