«Ауыл аманаты» жобасы арқылы шұлық шығаратын цех ашты
Бүгінгі «Ауыл аманаты» айдарындағы біздің кейіпкерлеріміз Ақсуат ауылдық округінің тұрғындары Аралбаевтар әулеті. Олар өздерінің алғашқы отбасылық кәсіптерін «Ауыл аманаты» ұлттық жобасы арқылы ашып, шұлықтар өндіруді қолға алған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Анасы Сәрсенкүл мен баласы Нұрболат «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы арқылы ұлттық жоба аясында өткен жылдың қараша айында 5 млн теңге көлемінде несие алып, оған соңғы үлгідегі шұлық дайындайтын құрылғы сатып алған. Бүгінде цехта жыл мезгілдеріне арналған шұлықтың бірнеше түрлері дайындалып, сатылымға шығарылуда.
Ашылғанымызға көп болмаса да, халықтың сұранысы арта бастады. Бүгінде цехта әзірге күніне 300-400 дана шұлық әзірлеудеміз. Ол өнімдерді өзіміздің ауылдық округта және қаламыздағы дүкендерге өткізудеміз. Сондай-ақ, базардан арнайы сауда нүктесін жалға алып, шұлықтарымызды сол жерден сатудамыз, – деді Нұрболат Әбдіраман.
Кәсіпкердің айтуынша биыл да аталмыш бағдарлама арқылы тағы да несие алып, кәсібін кеңейтпекші. Сол мақсат жүзеге асса, арнайы тігін фермасын ашуды көздеп отыр.
Шұлық - аяқтың төменгі бөлігіне киілетін, тізеге дейін жетпейтін қысқа киім түрі. Ол жануар терісінен, жүннен, тоқымалардан және түрлі материалдардан тігіліп жасалынады. Ежелгі заманда шұлық малдың терісінен немесе күңгірт жүнінен тігілген. 16 ғасырдың аяғында машинамен тоқылған шұлықтар пайда болды. Ал 19 ғасырдың басынан шұлық жасауда машина арқылы тоқу - басым әдіс болды.
Классикалық костюм астына киетін шұлықтардың ең үздік түстері: қара көк, көк боз, қою жасыл және қара, яғни костюм түсінен қаралау болып келеді.
Сонымен қатар шұлықтар сызықтарпен, тормен және кез келген басқа суреттермен бейнеленеді. Алайда оларды спорттық шалбармен немесе джинс шалбарымен киген жөн болады, себебі барлық шұлықтар қатаң костюммен жараса бермейді.
Қара түстілері — әмбебап шұлықтар. Олар тек іскерлік костюмдермен ғана емес, сонымен қатар джинсымен және спорттық костюммен жарасады.
Ақ шұлықты тек спортпен айналысқанда ғана киеді.
Шұлық гигиенаның негізгі заты. Шұлықтар аяқ киім кигендегі аяқтың ыңғайлылығын қыамтамасыз ету үшін ұолданылады. Сонымен қатар ауа райы суық болғанда аяқтың жылуын сақтап тұрады.
Шұлықты бөлменің ішінде аяқ киімсіз киіп жүруге болады.
Жүннен тоқылған қалың шұлықтар суық күндері аяқты "жылытуға" көмектеседі (табиғи жылуды сақтап тұру үшін).
«Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының баспасөз қызметі