Із-түзсіз жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды

1 805

Фото: ІІМ баспасөз қызметіТүркістан облысында із-түзсіз жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын 23 жастағы ұлы сағат 21:30 шамасында үйінен шығып кетіп, оралмағанын хабарлаған. Ата-анасы ұлын бір күн бойы іздеген, нәтиже болмаған соң полицияға хабарлаған.


Полиция бірден жоғалған жігітті іздеуге жұмылдырылды. Учаскелік полиция инспекторлары сол маңдағы барлық көше мен ауланы мұқият қарап шығып, тұрғындардан сұрастырған. Екі күнге созылған жедел іздестіру жұмыстары нәтижесінде жоғалған жігіт көршісінің үйінен табылды.


Тәртіп сақшыларының сөзінше, 23 жастағы жігіттің үлкен сомада қарызы болған. Ол жағдайды ата-анасына жеткізуге қорқып, көршісіне айтпастан оның үйінде тығылып жүрген.


Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Іздеуге ат салысқан полицейлерге жігіттің ата-анасы алғыс айтты.



OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.