ҚЫЗЫЛОРДАДА ҚОҒАМДЫҚ КӨЛІК МӘСЕЛЕСІ УШЫҒЫП ТҰР

1 076

 Аяқ асты ауа-райының күрт өзгеруі қоғамдық көліктердің істен шығуына себепші болды, -  деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 

Қыстың соңғы айында көктайғақ орын алып, қар жауған жексенбі күні қалалық бағыттағы қоғамдық көліктер жарамсыздығын байқатты.  Қара халықтың сарыла күтетін бағыттық автобустардың басым көпшілігі жолдың қолайсыздығынан істен шықса, енді бірі тіпті қиылыс пен бұрылыстарда сырғып жатырғандығын аңғаруға болады. Ол аздық еткендей жол ортасында қызыл отқа оранған автобустың түгі қалмай жанғанын көрсек, енді бір бағыттағы автобустарды сүйрелеп жүрген жүк көліктерінде аңғардық.

Халықтың басым көпшілігі қоғамдық көлікті көп қолданатындығы жасырын емес. Қоғамдық көліктің аздығы соншалықты бір көлікке шамадан тыс тиеліп, ине шаншыр жер таппай қаласын. Құбылмалы ауа-райының көлік түгел адамның жүріп тұруына қолайсыздық туғызып жатқаныда белгілі. Алайда, мемлекет тарапынан бөлінген жыл сайыңғы қаржының қайда кетіп жатқандығы белгісіз... Олай деуге басты себеп мәселені шешуде жергілікті билік, оң шешімін табуға қанша қаражат бөлсе де, қоғамдық көліктердің жағдайы әлі де мәз емес. 

Біле білсек, үстіміздегі жылы 26 бағыт бойынша қоғамдық көлікке  1 - миллиард субсидия  бөлінгендігі тағы бар. Осы орайда:

«Қызылорда автобус паркі» ЖШС-де теңгерімінде 135 көлік тіркелген. Алайда, қоғамдық көліктердің техникалық жағдайының төмен болуына байланысты жылжымалы құрамды жаңалау жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қоғамдық көлік сапасын жақсарту бағытында 2021 жылдың соңында жеке тасымалдаушылардың 21 бағыты әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде танылды. 2022 жылға әлеуметтік маңызы бар 26 бағытқа 1 млрд теңге субсидия бөлінді.»,-дейді Қызылорда қалалық ішкі саясат бөлімі.

Орын алған келеңсіздіктерден халық неге үнемі жапа шегуі керек? Аяз бен суықта  аялдамаларда телміріп, қоғамдық көліктің кешігіп келуіне көндіккен халық әбден мезі болғандығы да жасырын емес. Осы орайда қала тұрғындары:

«Мен студентпін оқудан қалмас үшін 2 сағат бұрын үйден шығуым керек. Себебі №1 бағыттағы автобусты кем дегенде 45 минут күтемін. Содан адамға лық толы көлікке шарасыз тиелеміз. Бірімізді-біріміз міңгестіріп, аяқтың ұшымен тұрып әйтеуір жетеміз. Осындай мәселелер көтеріліп, шешімін тапса екен.»,- дейді  Айша Жұмабекқызы.

Бүгінгі қоғамдық көліктердің барлығы дерлік «шаршап» қалған. Күрделі жөндеуді менмұндалап талап етіп тұрғандай-ақ. Бастысы қытайдың бұйымы біздің қазекеңе  дүние болмайтындығын тағы бір байқатқандай. 

«Қайда сол субсидия, қыс өтіп көктем келеді. Ал, ҰОС ардагерлеріне теңестірілген, зейнеткер, көпбалалы жандар үшін жеңілдік қарастырылмаған. Бұл тек біздің қалада ғана, ал Қазақстанның басқа өңірлерінде бұндай бассыздыққа жол берілмеген.» - дейді Кульшахар Кудайбергенова әлеуметтік желідегі жазбасында.

 

Айгерім РАХЫМЖАНҚЫЗЫ