Облыс әкімінің жүріп-тұруына 4 млн-нан астам қаражат бөлінді

775

Фото: mersedes.comШығыс Қазақстанның облыс әкімі Даниал Ахметовтің Астана қаласында жүріп-тұруына 4,8 млн теңге қаржы бөлінді, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.



ШҚО әкімдігінің шенеуніктері жұмыс сапарымен Астанаға барғанда, оларды алып жүру үшін көлік беріледі. Бұл жұмыс түрі келісімшарт жасасқан сәттен бастап 2023 жылдың соңына дейін көрсетілетін болады. Тапсырысты Президент іс басқармасының автошаруашылығы орындамақ.

Шенеуніктерге арналған көлікке жоғары талап қойылып отыр. Мысалы, машина жоғары класты болуы керек, ал қозғалтқышының көлемі 1790 см3 кем болмауға тиіс. 2010 жылдан бұрын шығарылған көліктер жарамайды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.