Қарағанды облысында жол апатынан екі дәрігер көз жұмды
Тағы медицина қызметкерлері зардап шекті, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Олардың барлығы Балқаштағы "Жезқазған медициналық орталығы" ЖШС емханасында жұмыс істеген. Жантүршігерлік жол апаты дәрігерлер Балқаштағы "Қазақмыс" компаниясының жұмысшыларын медициналық тексеруден өткізіп, қайтып келе жатқан. Олар мінген автобус МАЗ маркалы жүк автокөлігімен соқтығысқан.
Қайғылы оқиғаға байланысты Денсаулық сақтау министрлігі дәрігерлердің туыстарына көңіл айтты.
Жол апаты 19 қыркүйек күні "Алматы — Екатеринбург" тасжолында болды.
Қаз
Рус






