АҚШ конгресі Ресейді "басқыншы ел" деп танитын заң жобасын әзірлемек

177
АҚШ конгресі Ресейді "басқыншы ел" деп танитын заң жобасын әзірлемек, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі The Hill басылымына сілтіме жасап.



Басылым дереккөздерінің хабарлауынша, құжат жобасын Ақ үй мен конгресс жетекшілері талқылап жатыр. Заң жобасы қабылданса, Ресейдің ресми тұлғаларына санкция салынады.

The Hill құжат жобасымен танысып та көрген. Оған сәйкес, АҚШ президенті Украинаға басқыншылық жасауға қатысы бар кез келген мемлекетті басқыншы ел ретінде жариялай алады. Мәселе тек Мәскеу емес, оның көптеген әріптестері Минск мен Тегеран жөнінде де болуы мүмкін.

Киевті қолдайтын АҚШ-тағы үш қоғамдық ұйым Ақ үйге мәлімдемесінде заң жобасына қарсылық білдірген. Олар құжат Ресейге қарсы санкцияны жұмсартып жібере ме деген қауіп айтады. Мәлімдемеге "Американың украин конгресс комитеті", "Біріккен балтық-америкалық ұлттық комитет" және украиналық "Разом" ұйымы қол қойған.

Конгрессмендер мен сенаторлар Ақ үйден Ресейді терроризм демеушісі ретінде тануды сұрап келеді. Мұны Вашингтоннан Киев те сұраған. Алайда Байден әкімшілігі мұндай шешімге қарсы болған. Ақ үй өкілдерінің пікірінше, бұл Вашингтон мен Мәскеу арасындағы өзара қарым-қатынас мүмкіндігін кеміте түседі. Бұл сонымен бірге Ресейдің одақтастарына қарсы атап айтқанда, Қытай мен Үндістанға шектеу қоюды да талап етеді. Бірқатар сарапшылар Ресей заңда көрсетілген терроризм демеушісінің критерийлеріне сәйкес келеді дегенге де күмән келтіреді және заңдағы тым жалпы тұжырымдар болашақта Вашингтонның "бас ауруына айналуы мүмкін" деген тұжырымды алға тартады.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.