Қазақстанда зейнетақы жасын төмендету үшін күрес осы аптада жаңа деңгейге шықты. Бүкіл ел бойынша әйелдер бірігіп, өз талаптарын орындату үшін аштық жариялауға дайын екендерін айтты. Олардың басты талаптары – қазақстандық әйелдердің зейнет жасын 60 жастан 58 жасқа дейін түсіру, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.
"Біз зейнет жасын заңсыз көтерді деп есептейміз. Еш талқылаусыз. Біздің қатарымыз көбейді. Жанымызға Қазақстанның түкпір-түкпірінен әйелдер келіп қосылып жатыр. Біздің өз шартымыз бар. Егер біздің еңбек министрлігінің ұсынысы бізді қанағаттандырмаса, онда барлық аймақтардағы белсенді әйелдер аштық жариялау түрінде наразылық акциясына шығады. Бұл төтенше шара, бірақ осылай жасауға мәжбүрміз", – деді белсенді Майкен Биғарстанова.
Осы аптада зейнет жасына қатысты туған дау өршіп кетті. Белсенділер мен депутаттар елордаға жиналып, әйелдер зейнеткерлікке 58 жастан шығуы керек екенін айтты. Тіпті бір жылдан кейін де емес. Олар өз талаптарына статистикадан дәлел келтіреді. Айтуларынша, орташа өмір сүру ұзақтығы төмендеп, өлім деңгейі артады.
Сонымен қатар құрметті демалысқа шығу жасы да артып келеді. Тіпті көбісі бұл жасқа жетпей өмірден өтіп кетіп жатқан көрінеді.
"55 жасқа дейін төмендетпейтіні анық. 55 жасқа дейін түсірсе, соның өзі жақсы болар еді. Біз бұл тақырыпты енді ғана көтеріп тұрған жоқпыз. Бұл мәселенің айтылып келе жатқанына жылдар болды. 2018 жылы әйелдер бұл мәселені көтерген, бірақ ол кезде әлеуметтік желілер қазіргідей белсенді болмады, сонымен қоса әйелдер де қазіргідей бірікпеді. Ал неге біздің жастар жұмыссыз? Себебі зейнеткерлердің көпшілігі жұмыс істеп, бос орындар болмайды", – деп қосты Майкен Биғарстанова.
Белсенділер барлық талап-тілектерін еңбек министрлігіне жолдаған. Олар әйелдермен бірнеше кездесу өткізіп, жағдайды зерттеу үшін олар тіпті арнайы жұмыс тобын құрғандарын айтты.
"Біз өз ұсыныстарымызды дайындап қойдық. Барлық ұсыныстар тікелей қаржы деңгейінде қарастырылады. Біз бір пікірге келгенде, ақпарат береміз. Бірақ сіздер әлеуметтік саладағы кез – келген бастама қаражатқа келіп тірелетінін түсінулеріңіз қажет. Олар әрқашан барлық қаржылық және экономикалық мүмкіндіктермен байланысты болуы керек", – деп түсіндіреді ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова.
Ал қазақстандық экономистер өзгерістердің болуына қарсы. Олардың пікірінше, бұл өзгерістер елдің зейнетақы жүйесін бұзуы мүмкін.
"Зейнетақы жасын барлығына бірдей түсіруге болмайды. Бізде 53% – ға бюджет бар – бұл әр түрлі әлеуметтік төлемдер, ал оның ішінде олардың қомақты үлесі зейнетақы алады. Біз қазір зейнеткерлерге ағымдағы зейнетақы үшін жұмыс істейтін адамдар төлейтін әлі аралас зейнетақы жүйесінде өмір сүріп жатырмыз. Бізде 1998 жылдан кейін жұмыс істей бастаған адамдар зейнетке шыққан кезде ғана жинақтаушы жүйе болады. Ал қазір бұл өзгерістер бюджетке тікелей шығын әкеледі", – дейді тәуелсіз қаржы талдаушысы Андрей Чеботарев.