"Жайлы мектеп" бағдарламасы аясында облыста 21 мектеп салынуда

1 505

Фото: Қала әкімдігіОблысымызда соңғы жылдары түрлі құрылыс нысандары бой көтеріп, қала келбеті көркейе түскені жасырын емес. Бұған құрыш қолды құрылысшылар қауымының қосқан үлесі орасан. Қаржыландырудың барлық көздері есебінен 330,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 103,7% құрап отыр. Алты ай көлемінде атқарылған ауқымды жұмыстарды облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы Ерлан Төрәлиев баяндап берді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


"Жоспарланған қаржының 100% игерілді. Басқарманың тапсырысымен негізгі 4 күрделі сала бойынша құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Олар білім, денсаулық сақтау, спорт және мәдениет салалары. Білім саласында биыл 35 нысанның құрылысы жүргізу жоспарланып, қазіргі таңда 24 нысанның құрылысы қарқынды жүріп жатса, 1 нысан пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 21 мектеп салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы 10 мектептің құрылысы басталды, олардың барлығын осы жылы аяқтау жоспарланған. Қалған 11 мектеп биыл басталып, 2025 жылы пайдалануға берілетін болады. Биыл пайдалануға берілетін мектептердің барлығына инфрақұрылым жеткізіген, абаттандыру жұмыстары да жақын күндері басталып, 1 тамызға дейін аяқтау межесі қойылған. Сондай-ақ денсаулық сақтау, мәдениет,спорт салалары бойынша құрылыстар өз жалғасын таппақ",- деді Ерлан Кәрімбекұлы.


Былтыр "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынған еді. Жоба жоспары бойынша 2023-2025 жылға қарай заманауи, жайлы 400-ден аса мектеп салынуы керек. Бұл - бұрын соңды болмаған жоба, себебі жоба шеңберінде жаңа форматта мектептер соғылады. Жоба аясында 840 мың жаңа орын беріледі, 2,6 триллион теңге бөлінеді. Одан басқа, бұл орындар жаңа стандартарға сай мектептер салынады. Бұл жоба аясында, 2025 жылға дейін, үш ауысымдық режимде жұмыс істейтін мектептер, апат жағдайындағы мектептер мен орын тапшылығы жойылады. Қазір елімізде кей оқу орны бұл жоба арқылы жаңарып, құрылысы жөндеуге келмейтін елді мекендерде жаңа мектептер салынып жатыр. 


Жобаның артықшылығы көп. Мәселен, бірнеше спортзалдар, бастауыш пен жоғарғы сынып оқушыларына арналған бөлек блоктар, балаларға арнайы салынған дәретханалар, эко-жүйе бойынша салынған кабинеттер салынады. Мектептер заманауи интерьер бойынша жобаланып, безендіру талғамға сай жүреді. Сонымен қатар, бастауыш және жоғары сыныптарға арналған бөлек блоктар қарастырылған. Әр блоктың өз асханасы мен спортзалы болады. Мектеп ішінде оқулықтар мен жеке заттарды сақтауға арналған жеке шкафтар орнатылады. Осылайша оқушылардың ауыр сөмкелерін біршама жеңілдетуге мүмкіндік туады.  Үкімет басшысы Әлихан Смайыловтың айтуынша, оқушыларға ыңғайлы болу үшін трансформер-парталар мен "ауызсу фонтандары" қойылады. Бұдан бөлек, әр қабатта оқушыларға арналған тынығу алаңдары болады.


Мектептер физика, химия, биология және робототехника пәндері бойынша заманауи кабинеттермен жабдықталады. Кабинеттерге touch-экрандар орнатылып, мектептің кез келген жерінен жылдамдығы жоғары интернетке қосылу мүмкіндігі беріледі. Ерекше білім алуды қажет ететін балаларға тиіс жағдайлар жасалады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың басаасымен елімізде 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте білім алуына жағдай жасау мақсатында "Жайлы мектеп" ұлттық жобасы қолға алынған болатын. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың ұсынысы негізінде алдағы 3 жылда Қызылорда облысында 15 мың орынға арналған заманауи 21 мектеп салынады деп жоспарланып жатыр. Жобаның жалпы құны - 100 миллиард теңге. Атап айтқанда: Қызылордада - 8, Аралда - 4, Қазалыда - 2, Қармақшыда - 2, Жалағашта - 1, Сырдарияда - 1, Шиеліде - 1 және Жаңақорған ауданында заманауи 2 мектеп бой көтереді.


Облыстық білім басқармасының басшысы жоба аясында биыл өңірде 10 мектептің құрылысы басталатынын айтып, олардың өзге мектептерден айырмашылығын сөз етті.


"Мамыр-маусымда 10 мектептің құрылысын бастаймыз. Бүгінде барлығының жері рәсімделді. Сметалық құжаттары дайындалды. Жалпы ерекшелігіне келсек, бастауыш және жоғары сынып оқушылары мектеп ғимаратының жекелеген блоктарында оқитын болады. Сәйкесінше, олардың өз оқу кабинеттері, әжетханалары, спортзалдары болады. Сондай-ақ бейнебақылау, дыбыстық дабыл сияқты қауіпсіздік нысандары орнатылады, заманауи физика, химия, биология, робототехника сияқты кабинеттермен қамтамасыз етіледі. Арнайы білімді қажет ететін балалар үшін қажетті жағдай жасалады", - деді Облыстық білім басқармасының басшысы Мейрамбек Шермағанбет.


Жалпы, 2023 жылға білім саласына 260 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Алдағы 3 жылда облыстағы үш ауысымды және апатты мектептердің жағдайы толық шешіледі деп күтіледі, ауылдық елді мекендердегі мектептер жаңғыртудан өтеді.


Былтыр апатты деп танылған 6 мектептің үшеуінің мәселесі шешімін тапты, ал қалған 3 мектеп "Жайлы мектеп" жобасы аясында салынатын болады. Бұдан бөлек, биыл 5 мектепті пайдалануға беру жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, биыл жоспарға сәйкес ауылдық елді мекендегі 47 мектеп жаңғыртудан өткізіліп, 51 мектепке пәндік (физика, химия, биология) кабинеттер алынатын болады.

Елімізде қазіргі таңда 270 мың жаңа студенттік орын тапшы екені белгілі. Ал тиісті шаралар қолға алынбаса, 2026 жылға қарай студенттік орын тапшылығы 1 миллион межеден асады. Ұлттық жоба аясында апатты мектептерді, үш ауысымда оқытуды және тапшылықты жою үшін 401 жайлы мектеп салынатындығы айтылған. Сондай-ақ 2024 жылы 226, ал қалған 175 мектеп 2025 жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарланып отыр. Бұл жайында баспасөзге берген сұқбатында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары, «АМАНАТ» партиясының депутаты Альберт Рау «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының білім саласына ғана емес, экономика мен отандық өндірісті нығайтатыны туралы айтады.


«Өздеріңіз көріп отырғандай, елімізде студенттерді орынмен қамтамасыз ету жағдайы оңай емес. Сондықтан жобаны дереу жүзеге асыру керек, жағдайды түбегейлі өзгерту үшін батыл әрекет ету керек. Осылайша, біз сандық және сапалық көрсеткіштерді арттыра отырып, білім саласын жаңа деңгейге шығарамыз. Өйткені, мектептер елордада да, облыс орталықтарында да, қалалар мен аудандарда да салынады, сонда бұл барлық басқа мектептер тең болатын белгілі бір стандарт болады. Жобаны жоғары деңгейде жүзеге асыруды жеделдету мақсатында кадрлық әлеуеті мен тәжірибесіне сүйене отырып, оны жүзеге асыруды «Самұрық-Қазына Құрылыс» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-на тапсыру туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ біз көптеген процедураларды, соның ішінде келісім-шарттарды жасауды жедел орындауға болатынын заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Бұл өзін ақтады, өйткені барлық жұмыс аудан әкімдіктеріне берілсе, онда жиі орын алатындай жарыстар мен құрылыстардың тоқтау қаупі болуы мүмкін. Мұнда жобаны басқару болады, барлығын бір орталықтан анық байқауға болады. Бірақ екінші маңызды аспект бар. Кез келген елде қандай да бір ауқымды жобалар жүзеге асырылған кезде оның экономикаға, ұлттық бизнеске әсері болуы керек. Осы жерде 29 наурызда Парламент сессиясын ашқан ел Президентінің бюджеттік жобаларды бірінші кезекте жергілікті кәсіпкерлер жүзеге асыруы керек деген сөзін келтіргім келеді. «Атамекен» ҰКП және отандық бизнес бұл жобаны қазақстандық кәсіпорындардың әлеуетін іске асырудың тамаша мүмкіндігі деп санайды. Бұл құрылыс және өңдеу секторларының дамуына серпін беріп, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті кеңейтуге және жаңғыртуға және мемлекеттік бюджетке төлем түсімдерін арттыруға мүмкіндік беруі тиіс», - дейді Альберт Рау.