Түркістанда қызылордалық екі бүлдіршіннің мәйіті табылды

1 659

Фото: Ашық дерек көзіТүркістан қаласының жалдамалы пәтерінде 3 және 5 жасар кәмелет жасқа толмаған Қызылорда облысының тұрғындарының мәйіті табылған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылорда облысы, Шиелі ауданының тұрғыны алғашқы деректер бойынша, отбасылық кикілжіңнен соң 2 тәулікке Түркістандағы ықшамаудандардың бірінен пәтер жалдаған. Балалардың анасы досына телефон арқылы пәтер мекен-жайын хабарлағаны белгілі болды. Оқиға сол жерде орын алған. Іздестіру шаралары жүргізілуде.


ФОТО: EGOV.PRESSОсы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өлімнің себебін анықтау үшін балалардың денесі сараптамаға жолданды.

"Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау және балалардың қайтыс болғаны мен олардың мекен-жайы туралы құрбысына хабарлаған ананың, яғни Қызылорда облысы тұрғынының орналасқан жерін анықтау мақсатында қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде. Істің тергеу барысы менің жеке бақылауымда", - деді Түркістан облыстық полиция департаментінің басшысы Мұрат Қабденов.