10 сотталған жұмыспен қамтылды

240
2021 жылы Сырдария аудандық пробация қызметінің  есебіне 80 сотталған тіркеліп, оның ішінде 10 сотталған аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы жұмысқа орналасты,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Ал тағы 5 азаматты пробация инспекторлары еңбек шарттарына сәйкес жергілікті кәсіпкерлерлік нысандарға орналастырды.

Сондай-ақ, бір пробация есебіндегі азаматқа атаулы әлеуметтік көмек алуына жәрдем көрсетілсе, енді кейбірінің жеке кәсіп ашуына жан-жақты қолдау жасалып келеді. Мәселен, қазіргі таңда сотталған Б.есімді азамат «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 585 000 теңге несие алып, мал бағумен айналысуда. 

- "Пробация қызметінің мамандарына рахметімді айтқым келеді. Түзу жолға түсіп, өзіме лайық кәсіпті бастауыма мұрындық болды. Мен секілді қаншама жаза басқандарға енді қылмыс жасамауы үшін қолдарынан келгенше құқықтық кеңес беріп, тығырықтан шығудың жолын көрсетуде аянып қалған емес",-деді есептегі азамат. 

Сонымен қатар сотталғандарға медициналық, психологиялық, құқықтық, әлеуметтік көмектер дер кезінде көрсетіліп жүр. Бұл шара  одан әрі жалғасын табады деген сенімдеміз.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.