ШҚО-да мотоциклге бірнеше қойды байлап алып, жолға шыққан ер адам видеоға түсіп қалды
256
Шығыс Қазақстан облысында қойды өте оғаш жолмен тасып жүрген ер адам видеоға түсіп қалды. Ол жануарды мотоциклге байлап алған. Облыстық полиция департаменті видеоға қатысты пікір білдірді.
"Қойларды шұғыл тасымалдау. Бұл адам ойланбайтын секілді. Біріншіден бұл қауіпті, екіншіден, адамгершілікке жатпайды", – деп жазылған видеоның сипаттамасында.
Қойларды тасымалдаудың ерекше әдісі қолданушылардың да наразылығын тудырды.
"Оның өзін осылай тасымалдаса екен", "Біздің елдің жануарларды мазақ қылғанға жаны құмар! Қандай тәрбие көрген өзі, жануарға деген аяушылық сезімі жоқ па?", "Бұл жігіт ақылынан адасқан, өзін дәл осылай байлап алып, қаланы шарлау керек екен", – деп жазды қолданушылар.
Осыған байланысты Шығыс Қазақстан облысы полиция департаменті пікір білдірді. Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2 тамызда Үржар ауданының 35 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік кодекстің бірнеше бабы бойынша хаттама толтырылған.
Атап айтқанда, көлік жүргізу құқығы жоқ адамның көлікті басқарғаны үшін (612-бап, 2-бөлім), мотошлем қолдану ережесін сақтамау (593-бап, 2-бөлім) және мемлекеттік нөмірсіз көлік құралын басқару (590-бап, 2-бөлім).
Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.