Қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған Қайрат Құдайберген мен "Дикий Арманға" үкім шықты

1 386

Фото: КоллажҚаңтар оқиғасында ұсталған Қайрат Құдайберген 8 жылға, ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға сотталды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі хабарлайды.


Қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыруға қатысты деген күдікпен ұсталған кәсіпкер Қайрат Құдайберген 8 жылға бас бостандығынан айырылса, ал Арман Жұмагелдиев 20 жылға бас бостандығынан айырылды.


Құдайбергенге қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды және ол "Құрмет" орденінен айырылды. Жұмагелдиевке де енді қоғамдық қызметпен айналысуға болмайды.


Қайрат Құдайберген 2022 жылдың 22 сәуірінде Қаңтар оқиғасына қатысты деп ұсталған еді. Құдайберген жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды және қатысты деген күдікке ілінген. Сонымен қатар тергеу нұсқасына сәйкес Жұмагелдиевпен бірге "Қазақстан" қонақүйінде жиын ұйымдастырған. 


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.