Қызылордада жаңа автобустар қатарға қосылды

5 800
Аймағымыздағы көлік тапшылығы өз шешімін тапты, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.

Қысы-жазы қала тұрғындары қоғамдық көліктің тапшылығын сезініп келеді. Расында 20-45 минут уақыт аралығындағы жиілікпен қатынайтын автобустар қала тұрғындарын әбігерге салды. Алайда жергілікті билік тарапынан мәселені оңтайлы шешуде, халық сөзіне құлақ асты. 
Естеріңізге сала кетсек,
 «ӘКІМ БЕРГЕН УӘДЕСІH НЕГЕ ОРЫНДАМАДЫ?» атты мақаламыздың нәтиже бергендігі көңілімізге қуаныш ұялатады. 
Десек те, ұсынылған автобустарды отандық компания өндірген. Жаңадан келген автобустар кондиционер мен бүйірлік әйнектердегі қорғаныс жолақтарымен, электрмен жылытылатын айналар мен өрт сөндіргіштер  және де бес бейнебақылау камерасы мен бейнежазба жүйесімен жабдықталған. Сонымен қатар, маршрут көрсеткіштерімен, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған механикалық пандуспен жабдықталған, жолаушыларды қауіпсіз және ыңғайлы тасымалдаудың барлық талаптарына да сай. 
Жолаушылар автобус паркін жаңарту бағдарламасы Қазақстан Республикасының 2021-2025 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму тұжырымдамасы шеңберінде іске асырылды. Жалпы, ағымдағы жылдың соңына дейін өңіріміз бойынша 150 автобус берілді.


Соңғы үлгідегі кең әрі жайлы заманауи автобустар бір уақытта 55 адамды тасымалдай алады. Жаңа автобус жылдамдық шектеу, қозғалыс интервалын бақылауға арналған GPS жүйесімен жабдықталған, жергілікті жердің климаттық жағдайына бейімделген, экологиялық таза газбен жүреді. Жаңа қоғамдық көліктер қала тұрғындары әсіресе, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолжетімді етіп ыңғайластырылған. Сонымен қатар, қала тұрғындары үшін ұялы телефонға арнайы қосымша арқылы өзіңізге керек автобустың қай уақытта келетіндігін бақылауға болатын қосымшасы бар. Ол да жеткен жетістіктер деп білеміз.


Бүгінде қалаішілік 25 бағытқа және 8 қала маңына қатынайтын бағытқа, барлығы 636 автокөлік екі ауысыммен қызмет көрсетіп келеді. Олардың қатарын бүгін беріліп отырған №1 бағыттағы су жаңа автобустар толықтырып, халық тасымалы қызметін жандандыруда.


 #SICA_ISG #GUMOL #азаматтықжурналист 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.