ӘКІМ БЕРГЕН УӘДЕСІH НЕГЕ ОРЫНДАМАДЫ?

5 770
Фото; Айгерім РахымжанқызыҚызылорда облысы мен қала әкімінің қоғамдық көлікке қатысты берген уәдесі аяқ асты қалды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
 
Бүгінде, қоғамдық көлік дауы қай кезде де өзектілігін жоғалтқан емес. Бұл тұста халық санының өсімі мен жолаушылар көлігінің талапқа сай болуы қатар жүретіні айтпаса да белгілі. Жыл өткен сайын көліктердің сыйымдылығы, жаңалығы талап етіледі.
Соңғы бес жылдықта Қызылорда қаласының халық саны қарқынды артып, жаңа мөлтек аудандар бой көтерген болатын. Осыған орай, жаңа аймақ басшысы қала тұрғындарымен кездесуінде қалалық бағытта қатынайтын 150  жаңа автобуспен толығатындығын ерекше атап өткен болатын. 
Естеріңізге сала кетсек,   
«Қызылорда автобус паркі 150 жаңа автобуспен толығады» атты мақаламыз жарық көрген болатын.
Өңіріміздегі басты мәселелердің бірі қала көлеміндегі жолаушылар тасымалдауға арналған көліктердің жеткіліксіздігі туралы тұрғындар тарапынан көптеген шағым түсетіндігі жасырын емес. 
Осы орайда, аймақ басшысы  қоғамдық көлік мәселесін шешу және халық сұранысына сай қызмет сапасын арттыру мақсатында,  «Қызылорда Автобус паркіне» қосымша үлкен сыйымдылықтағы, заманауи автобустар алдыру жөнінде тапсырма берген болатын. 
Сонымен қатар, қоғамдық көліктерді алдыру үшін алғашқы 20 пайыз жарнасын төлеу үшін облыстық және қалалық бюджеттен тиісті қаражатта бөлінген. 
Бұл тұрғыда қала әкімі Асылбек Шаменовте тамыз айында қалалық бағытта 150 жаңа автобустардың келетіндігін хабарлаған болатын. Алайда, әкімнің берген уәдесі орындалмай отыр. 
Қала тұрғындары сарыла күткен жаңа автобустардың легі көрінбеді. Оқу жылы бастау алғандықтан қоғамдық көлікке мінушілердің де саны артып отыр. Бірде істен шығып, бірде сағаттап тосатын көліктеріміздің жыры бітер емес.
 Алайда шаһар басшысы жаңа көліктердің келмеу себебін шекара қызметінің салдарынан деп атап өтті.

Ал, қалалық автопарк қызметкерлері жаңа автобустың келгендігін алға тартты. Бірақ, әкелінген көліктердің дизельдік жанармаймен жүретіндіктен қайта жөнелтілген дейді автобус жүргізушілері.
 Қос әкімнің берген уәдесі аяқ асты қалмай жуық арада жаңа бағыттағы көліктермен толысамыз деп сенейік.


                                                                                                                                               Айгерім Рахымжанқызы