Мұғалім ағасы 10 жыл бойы зорлап келген қыз әділдік сұрады

1 328

Фото: soundcloud.comБойжеткен өзіне ауылдағы мектепте денешынықтыру пәнінің мұғалімі болған туысқан ағасының зорлап келгенін айтты, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.

Бұл туралы заңгер Ләззат Рақышева өзінің Instagram-дағы парақшасында бөлісті. Ол Бас прокуратураға бүкіл істі 2017 жылдан бастап тексеруді ұсынды.

Мен 10 жылдан аса тұрмыстық зорлық-зомбылық көріп келдім. Туысқан ағам Жұмаханов Е. маған 6 жасымда өзінің жыныстық мүшесін, менің қалауымсыз түрлі порнографиялық видеолар көрсететін. 16 жасыма дейін өзінің ойын іске асырып келді. Мен құзырлы органдарға, жоғары органдарға арыз жаздым. Біздің Қазақстанда зорлық-зомбылыққа қарсы заң болса да әлі күнге дейін күшіне енбеген бе? Бір жылдың ішінде дәлел шығып тұрса да тергеуді жауып тастап отыр. Еркебек мектепте мен тұрған ауылда денешынықтыру пәнінің мұғалімі болып жұмыс істеген, - дейді қыз.

Заңгердің пікірінше, аяғына дейін жетпеген бұл істі қайта тергеуге алуға болады.