27 жастағы әйел үш баласымен 9-қабатты үйдің терезесінен секіріп көз жұмды

319

Өзбекстанда 27 жастағы тұрғын тоғыз қабатты үйдің терезесінен үш баланы лақтырып, артынан өзі секірген, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Podrobno.uz сайтына сілтеме жасап.



Оқиға Сіргелі ауданында 3 сәуірде кешке орын алды. Оқиға орнында түсіріліген бейнежазба Ташкент жұртшылығы мен мессенджерлеріне тарады.


Өзбекстанның Бас прокуратурасы ақпаратты растады. 27 жастағы әйел тоғызыншы қабаттағы пәтердегі терезеден балаларын кезек-кезек лақтырып, соңында бір жасар қызын қолына алып, өзі де секіріп кеткен. Әйелдің өзі де, 4 және 5 жасар ұлдары мен сәбиі де көз жұмды.


Марқұмның мұндай әрекетіне не себеп болғаны әлі белгісіз. Тергеу жұмыстары басталды.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.