Әскерге шақырылған сарбаз Қорғаныс министрлігінің қызметкерін сотқа берді
Лисаков қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлім басшысы Ернат Ахтаев 2025 жылы сәуір айында Ибрагим Нұрмұхамбетовті Қарулы күштері қатарына заңсыз шақырғаны үшін жауапқа тартылды, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Әскерге шақырылған азаматтың адвокаты Жаслан Қанапияновтың айтуынша, қазақстандық Лисаков қаласында күштеп ұсталып, оны азаматтық автокөлікке мәжбүрлі түрде отырғызып, әскери комиссариатқа әкеткен. Заң өкілі қорғауындағы азаматты ешқандай медициналық тексеруден өткізбестен Қостанай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаментіне алып кеткен.
Қостанайда өткен сот отырысында Лисаков қаласының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің бастығы Ернат Ахтаев кінәсін толық мойындады. Ол Ибрагим Нұрмұхамбетовтың шақыртуға келмегені үшін іздеуде болғанын айтты. Оның сөзінше, Нұрмұхамбетов облыстық жиын пунктіне жеткізіліп, сол жерде медициналық тексерістен өтіп, әскери қызметке жарамды деп танылды. Ол қатардағы сарбаздар тізіміне енген соң жиын пунктінің аумағынан кетіп, жасырынып қалған.
Сот қаулы еткендей, аталған азамат Бейімбет Майлин ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыртуын елемегені үшін іздеуде болған. Нәтижесінде Ернат Ахтаев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 651-бабымен кінәлі деп танылды. Сондай-ақ ол 66 844 теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
Адвокат Жаслан Қанапияновтың айтуынша, енді оның қорғаушындағы азаматқа қатысты әскерге шақыру туралы бұйрықтың күші жойылуы тиіс. Тіпті келесі жолы процедура заң аясында жүргізілген күннің өзінде, Нұрмұхамбетов әскерге баруы екі талай. Өйткені ол денсаулығына байланысты әскерге жарамcыз болуы мүмкін.







