МҰХТАР ШАХАНОВ: «ШЕТЕЛДІККЕ ТҰРМЫСҚА ШЫҚҚАН ҚАЗАҚ ҚЫЗДАРЫ АЗАМАТТЫҚТАН АЙЫРЫЛСЫН»
1 242
Қазақ елінің шетелмен құда болуы жиілеп бара жатыр,- деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі.
Қазақ қыздарының шетелдік азаматтардың етегіне жармасып, отау құруының жиілеп бара жатқандығына не себеп? Қаракөздеріміздің бүгінгі қызығы ертеңіне кесел болмауына кім кепіл? Әрине «қазақ қызы» деген атқа ие болғаннан кейін, өз еліміздегі нар тұлғалы ер азаматтарға күйеуге шығып, қазақтың санын көбейтуін қалаймыз. Өкінішке орай, қазіргі заман ағымына қарай нәзік жандыларымыз өз бақытын шетелден іздеуде. Қазақ деген ұлттың жүйкесіне салмақ салатын құбылыс қазақ қызының шетелдік жігітпен отбасын құруы. Қазақ қызы шетел азаматына тұрмысқа шықты деген хабар шықса, жұрт былай тұрсын, қазақтың таз иті де ырылдап үн шығаратыны анық. Неге? Әрине, ең бірінші - намыс. Нәзік жанды аруларымыздың қазақ жігітін бағаламауының сыры неде? Алдыңғы жылдары, осыдан төрт жыл бұрын қазақ қыздарының арасында аспан асты елінің келіні атану белең алып, «қытайлық күйеу бала» деген әзіл-шыны аралас қалжыңдар толастап еді, бүгінде, міне «негр күйеубалаға» да тап болдық. Әрине, естіген жұрт есеңгіреп қалары анық. Қазақ қызының өзге елге тұрмысқа шығуына халық жанашырлары не дейді?
Ал, белгілі журналист Геройхан Қыстаубаев:
Ал қазіргі күні әлеуметтік желіде видеосы кеңінен тараған «африкалық күйеу бала» деген тақырып белең алып отыр. Өз бақытын, өзге ұлттан тауып, қара нәсілді жігітті өмірлік жолдасым деп тапқан қазақ қызының есімі Заида. Өзге ұлттың жары болған қазақ қызы Заиданың айтуы бойынша:
Десек те ешкімнің сөзіне мән бермей, жүрегінің қалауын жасаған аруға әлеуметтік желіде «қазақтың қанын құртып жатырсын» деген теріс пікірлер де айтылып жатыр.
Нигериялық жігітке күйеуге шыққан Заиданың ізін суытпай, тағы да бір нәзік жанды аруымыз қара нәсілді, өзге ұлттың жігітіне күйеуге шықты. Әлеуметтік желілердегі бейнежазбаларға сүйенсек, қазақ қызының сәукеле киіп, қазақтың әсем әуенімен келе жатқанына қара нәсілділер ақша шашып әлек болуда. Сонда бұл қазақ қыздарының шетелдіктерге тек ақшасы үшін шығатын болғаныма деген сан түрлі сауалдар миыңды жаулап алады. Қызының сыңсу айтып келе жатқанына ата-анасы қимастықпен жылаудың орнына, керісінше жүзіне күлкі үйіріліп тұр. Тіпті нигериялық құдаларын төрге шығарып, үстіне қазағымыздың ұлттық нақыштағы шапанын жабып, ат терлетіп құда болып, құйрық-майды да жегізіп жатыр. Десек те, біздің елде жалпы қазақ қыздары шет елге тұрмыс құрғандығы былай тұрсын, қазақ жігітінің де өзге ұлт өкілінің қызын алып жатқандығы тағы бар. Біздің қоғамда тек бәріне әйел, қыз кінәлі деп жатамыз. Ал сол қазақ жігіттерінің өзге ұлт өкілінің қызын алса, керісінше қазекеңдер тек мақтанып, көбейіп жатырмыз деп шығады. Көгілдір экраннан арнайы бағдарламаларда Түркістандық қазақ жігітінің таңдауы Тайландтық аруға түскенінде естіп, көріп жатырмыз.
Қазақ елі мен Африка елі тоқтаусыз құда болып жатырмыз. Сонда бұл тренд пе? Әлде осы жылғы хайып па? Шыныменде шетелдіктерге тұрмысқа шығу «сән» болған секілді. «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» деген қазақтың осынау бір мақал-мәтелі бар емес пе? Қазақтың әрбір жігіті мен қызына айтарымыз өз бақытын сырттан емес, іштен іздеген абзал. Қазақ болып өмірге келгеннен кейін, сеніңде кейінгі ұрпағың таза қазақ болып қалса игі. Байлық іздеп шынайы бақыттың барын ұмытпаған абзал.
Тұмар Ханым

«Шетелдікке тұрмысқа шыққан қазақ қыздары азаматтықтан шығарылсын. Адамның құқынан гөрі бізге мемлекеттің қауіпсіздігі маңызды. Қазақстанның тұтастығы, бүтіндігі, болашағы маңызды. Қолдауларыңызды сұраймын! Осы күнге дейін өмір сүріп кеткен бабаларымыздың рухы мен болашақ ұрпағымыздың алдында жауапты шешуші тарихи қадам. Атам қазақ «Жиен ел болмас» деген нақыл сөзін жадыңыздан шығармаган дұрыс»,- деді Мұхтар Шаханов.
«Қарындасыңды қатын қыламын дегені маған ауыр тиді. Шын мәнінде бұл қытайдың қазаққа бір тамызуы! Қызыңа тамған бір тамшы – ұлтыңа шашыраған мың тамшы! Менің намысымды келтіріп, өлтіріп бара жатқан жеріде осы!» ,- деді.
Ал қазіргі күні әлеуметтік желіде видеосы кеңінен тараған «африкалық күйеу бала» деген тақырып белең алып отыр. Өз бақытын, өзге ұлттан тауып, қара нәсілді жігітті өмірлік жолдасым деп тапқан қазақ қызының есімі Заида. Өзге ұлттың жары болған қазақ қызы Заиданың айтуы бойынша:
«Мен, Атырау облысы, Жылыой ауданы, Құлсары қаласының тумасымын. «Теңізшевройл» компаниясында үш тілді аудармашы болып жұмыс істеймін. Сүйіктіммен жұмыс барысында таныстым. Ата-анам бастапқыда қарсы болған. Кейін нигериялық жігіттің шын сезімін көргеннен кейін, ата-анам ақ батасын берді. Қанды құртатын өзге елге күйеуге шыққан әйел адам емес, өзге ұлттың әйелін алған еркектер»,- деді нигерияға келін болған Заида.