Ақмола облысында жол апатын жасаған ресейлік есепте тұрған көлік жүргізушісі 5 жылға сотталды
339
Ақмола облысында жол апатын жасаған ресейлік есепте тұрған көлік жүргізушісі 5 жылға сотталды- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.
Ақмола облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 2021 жылдың 7 сәуірінде сағат 14:00 шамасында Атбасар ауданы Борисовка ауылы маңындағы «Атбасар-Көкшетау» бағытындағы автожолдың 177 шақырымында болған.
Ресей Федерациясында тіркелген мемлекеттік нөмірі бар «Богдан 2110» маркалы автокөлігінің жүргізушісі алда жүріп бара жатқан көлікті басып озу кезінде жолдың қарсы бағытына шығып кеткен. Салдарынан үш көлік соқтығысқан.
«Оқиға орнында бір отбасының үш мүшесі: «Volkswagen Passat» маркалы автокөлігінің жүргізушісі және екі жолаушы алған жарақаттардан көз жұмды. «Gaz 330252-0244» автокөлігінің жолаушысы денсаулығына орташа зиян келтірді. Іс материалдары сотқа жіберілді. Атбасар аудандық сотының үкімімен «Богдан 2110» маркалы автокөлігінің жүргізушісі Қылмыстық кодекстің 345-ші бабының 4-і бөлігі «жол жүрісі немесе көлік құралдарын жүргізуші адамдардың көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша кінәлі деп танылды және оған 5 (бес) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру, 7 (жеті) жыл мерзімге көлік құралдарын жүргізу құқығынан айыру, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеу жазасы тағайындалды», - деді ведомстводан.