Еліміздегі жасөспірімдер үйінің бірінде кезекші мұғалім 16 жастағы қызды зорлаған
Жасөспірімдер үйінде оқушылардың қауіпсіздігін қадағалауы тиіс кезекші мұғалім 16 жастағы қызды зорлаған, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі "NeMolchi.kz" қоғамдық қорына сілтеме жасап.
Жасөспірімдер үйінің нақты атауы айтылмаған. Бойжеткеннің айтуынша, сол күні ол досымен ұрсысып қалып, жылап келген. Мұны көрген мұғалім стрессті жеңілдету үшін оған сусын берген.
Қоғам белсенділерінің айтуынша, қыз кейін қолындағы дауыс жазғышқа жазылған барлық дәлелдерді алып полицияғ арыз жазғанымен, қылмыстық бөлімнің бастығы Омаров Дәулет бұл айғақтарды жоққа шығарған. Басылым 100% дәлелдің бар екенін, дыбыс жазу құрылғысында бәрі анық естілгенін жазады.