Шымкентте көпқабатты үйдің терезесінен 6 жасар бала құлап кетті

265

Шымкентте Қаратау ауданындағы Ақжайық №2 ықшам ауданындағы бес қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатынан алты жасар бала құлап кеткен. деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Фото: polisia.kz

Оқыс оқиға 28 тамыз күні болған. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жатқызылған.


Жеткіншек бел омыртқасының сынуы, іш қуысының жарақаты, жабық бассүйек-ми жарақаты диагнозымен ауруханаға жатқызылды.


Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, соңғы 8 айда мұндай оқиға бесінші рет қайталанып отыр.


Департамент ата-аналарды сақ болуға және балаларды қараусыз қалдырмауға шақырады:
1. Терезелерді ашық қалдырмау;
2. Шіркейлерге арналған арнайы тор ілініп тұрса, баланы ол жерге жақындатпау. Бала терезеден белгілі бір кедергіні көріп оған сенімді түрде сүйенуі мүмкін. Нәтижесінде тор салмақты көтермей баланың құлауына себеп болады;
3.Балалардың терезенің жанында ойнауына жол бермей, оларды бір секундқа да қараусыз қалдырмаңыз.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.