35 жастағы кәсіпкердің мәйіті табылды

1 515

Фото: ©depositphotos.comТараз қаласында 35 жастағы кәсіпкер өлі күйінде табылды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі nege.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға 29-шы наурыз күні Тараз қаласында, Сүлейменов көшесіндегі банк бөлімшесінің жанынан жергілікті наубайханалардың бірінің бұрынғы директорының мәйіті табылған. Қайғылы жағдайдан бұрын марқұм танысының үйінде қонақта болған. Кейін белгілі болғандай, ол сол танысынан 18 миллион теңге тұратын көлікті қарызға алған.

Көліктің иесі ақшаны немесе көліктің өзін қайтаруды талап етіп, осыдан кейін жанжал туындаған. Кәсіпкер көлік иесінің көмекшісімен бірге Сүлейменов көшесіне бағыт алған. Болжам бойынша, көлікті көмекшісі арқылы бермек болған. Алайда жол үстінде ер адам қару шығарып, жанындағы адамға екі рет оқ атқан. Сол сәтте ешкім зардап шекпеген. Біраз уақыттан кейін тағы бір рет оқ атылған – бұл жолы қару өзіне кезеген. Марқұмның денесін таңғы намазға бірге бармақ болған танысы тапқан. Оқиға орнынан тіркелмеген травматикалық тапанша мен гильзалар тәркіленді. Жамбыл облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл дерек бойынша тергеу басталғанын хабарлады.

«Қалада ер адамның мәйіті табылуына байланысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге итермелеу) бойынша қылмыстық іс қозғалды», – деді полиция өкілдері.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін жан-жақты тергеу шаралары жүргізілуде.

OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.