Мердігер компания өздері салған жолды 7 жылға дейін күтіп ұстауға міндеттеледі

1 224

фото: pixabay.comБұдан былай мердігер компаниялар жөндеген жолдарды 7 жылға дейін өздері күтіп ұстауға міндеттеледі, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Үкімет отырысында көлік министрі Марат Қарабаев жобалаушылардың, мердігерлердің жауапкершілігін арттыру мақсатында қолға алынған шараларға тоқталып өтті.

 "Соңғы жылдардағы жобаларды іске асыру тәжірибесін ескере отырып, жауапкершілікті арттыру мақсатында Халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен EPCM келісімшарты және FIDIC қағидасы енгізіліп отыр. Ондағы шарттарға сәйкес мердігер компания өзі жобалап, өзі салып 7 жылға дейін жолдарды күтіп ұстайтын болады. Бұл шарттың негізгі артықшылығы – жобалаудың және құрылыс сапасының тәуекелдерін азайтады", - делінген хабарламада.


 Жобаларға жергілікті компанияларды тарту мақсатында Көлік министрлігі мынадай ұсыныстар әзірлеген:

  •  Қазақстандық компаниялардың қатысуымен құрылған консорциумдарға жеңілдіктер беру;
  •  Қазақстанда техникалары шоғырланған компанияларға үстемдік беру; 
  • құрылыс жұмыстарын жүргізуге қазақстандық лицензия болу шарты; 
  • банктік кепілдемелер бергенде қазақстандық банктердің контр-кепілдіктерінің болуы. 

Еске салсақ, бұған қоса үкімет отырысында көлік мнистрі Түркістан облысы Шақпақ баба асуындағы Қазақстандағы ең ұзын автомобиль тоннелі жуырда пайдалануға берілетінін мәлімдеген еді.