Алматыда ер адам әйелін атып өлтірген

195

Алматы облысында ер адам әйелін атып өлтірген, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 19 қарашада болған.

«Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөлімінің тергеушілері жеккөрушілік қарым-қатынас негізінде адамды қасақана өлтірген 47 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуді бастады», - делінген хабарламада.

Күдікті сол күні ұсталып, қамауға алынды. Қылмыс құралы – күдіктіге тиесілі аңшы мылтығы тәркіленді.

Қылмыстық істі тергеу барысы мен нәтижелері облыстық ПД-ның бақылауына алынды.

«Не молчи» қорының мәліметінше, күйеуінің қолынан қаза тапқан әйелдің артында үш баласы қалды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.