Қызылордада балабақша тәрбиешісі баланы ұрып-соққан

1 960

Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.


Қызылордада балабақша тәрбиешісі 1,5 жасар баланы ұрып-соққан. Қызылорда қаласы Полиция басқармасына жеке балабақшалардың бірінде ұлына дене жарақатын салған тәрбиешіге шара қолдану туралы кәмелетке толмағанның заңды өкілінен арыз түскен.


Арыз негізінде қылмыстық іс тіркеліп, ҚР ҚК140-бабының 2-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. 


«Тәркіленген бейнежазбалар қылмыстық іске тіркелді. Сот сараптамалары тағайындалды. Сот – медициналық сараптама нәтижесі бойынша баланың «денсаулығына жеңіл зиян» келтірілген. Ал сот-габитологиялық сараптамасының қорытындысы күтілуде», - делінген хабарламада.


41 жастағы тәрбиешіге қатысты ІІО-ға келу туралы міндеттеме қабылданды. Сондай-ақ ҚР ҚПК-нің 200-бабына сәйкес облыстық білім басқармасына ұсыныс жолданды.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.