Оралда 20 жастағы полицей өз-өзіне қол салды
367
Оралда өз-өзіне қол салған полицейдің ісі тергелуде. Іс жүргізу бойынша шешім шыққан соң, полиция басқармасының қандау жауапқа тартылатыны анықталады,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой ГОРОД" порталына сілтеме жасап.
Оқыс оқиға 2021 жылдың 3 желтоқсанында сағат 07.40-та болған. 20 жастағы кіші сержант табельдік қаруді алып, Орал полиция басқармасының ғимаратының жауынгерлік бекетінде өз-өзіне қол салды.Марқұм БҚО тумасы болған. Ішкі істер органдарында 2021 жылдың мамыр айынан, ал соңғы қызметіне тамыз айында кіріскен. 2019 жылдың маусымынан 2020 жылдың маусымына дейін Қазақстан Қарулы күштерінде жедел қызметтен өткен.
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі кіші сержант Жаңабаевтың қызметке қабылданарда арнайы тексерістен өткенін хабарлады.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы, 1-тармағы ("Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу") бойынша іс қозғалған.
Марқұм Жаңабаев үйленбеген, отбасына қатысты өзге ақпарат берілмеді.