Ата-анасы вакцина салдырмаған балалар балабақшаға қабылданбайтыны рас па?

441
Іnstagram қолданушылары Шығыс Қазақстан облысында ата-анасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырмаған балалардың балабақшаларға қабылданбайтыны туралы ақпаратты талқылап жатыр.

Алайда ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ата-аналары COVID-19-ға қарсы вакцина алмаған балаларды балабақшаларға қабылдамайды деген қауесетті жоққа шығарды. "Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 14.07.2021 жылғы №32 "Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" қаулысында мектепке дейінгі балалар мекемелеріне баратын балалардың ата-аналарын вакцинациялау туралы мәселе қозғалмайды. Балалар мектепке дейінгі мекемелерге шектеусіз барады", – деп хабарлады ведомстводан. Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 14 шілдедегі қаулысында соңғы 3 ай ішінде тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар немесе COVID-19 ауырғандарды қоспағанда, COVID-19 қарсы вакцина алмаған адамдар күндізгі бөлімде жұмыс істеуге жіберілмейді делінген. Бұл талап білім беру және тәрбиелеу ұйымдарының, оның ішінде оқу-өндірістік комбинаттардың білім беру дамыту және түзету орталықтарының және басқа да мектептен тыс ұйымдардың қызметкерлеріне де қатысты. Алайда аталған білім беру мекемелеріне баратын балаларға және олардың ата-аналарына вакцинация туралы талаптар қолданылмайды. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.