Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды

237
Петропавлда 8 жасар қызды зорлаған педофил ұсталды, - деп хабарлайды «Opennews.kz» ақпарат агенттігі. 

2022 жылғы 13 шілдеде күндізгі уақытта Петропавл қаласында Подгора ауданында 8 жастағы қыз зорланды.

«Осы қылмысты жасады деген күдікпен полиция органдары жедел түрде ізін суытпай Петропавл қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алып, бұрын ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған, Қызылжар ауданы Ольшанка ауылындағы ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатқан 27 жастағы Солтүстік қазақстан облысы Айыртау ауданының тұрғыны ұсталды.
Бұған дейін Ақмола облысы Атбасар аудандық сотының 2021 жылғы 02.12.қаулысымен күдікті қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеден қауіпсіздігі барынша төмен мекемеге ауыстырылды.
Ольшанка ауылына келгеннен кейін ол ҚР Еңбек кодексінің және ҚР ҚАК талаптарына сәйкес әртүрлі жұмысшы ретінде жұмысқа орналасты. Аталған факті бойынша Петропавл қаласының полиция басқармасы ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі жас балаға қатысты зорлау бойынша тергеу бастады. Іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде, процесс прокурорларының тобы тағайындалды», - 
делінген облыстық ПД хабарламасында.

Іс облыс прокуратурасының ерекше бақылауында.