Сайлау комиссияларының мүшелері марапатталды

159
Референдумға белсене атсалысқан сайлау комиссияларының мүшелері марапатталды,- деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.

2022 жылғы 28 шілдеде Қазақстан халқының өміріндегі маңызды саяси оқиғалардың бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша 2022 жылғы 5 маусымда болған республикалық референдумды әзірлеу мен өткізуге белсене атсалысқан қалалық және учаскелік сайлау комиссияларының бір қатар мүшелері Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы төрағасының Алғыс хатымен марапатталды.

Айта кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  5 маусым күні бүкілхалықтық референдум өтеті­нін тілге тиек еткен болатын. Елу жылда ел жаңа екенін ескерсек, Қазақстанның Конституциясы да біршама реформаны талап ететіні түсінікті. Референдум нәтижесінде Ата Заңымыздың үштен бір бөлігі өзгерістер мен толықтырулар арқылы жаңа мазмұнға ие болмақ. Нәтижесінде, Консти­туцияның 33 бабына өзгеріс енгізу арқылы алдағы уақытта 20-дан астам заң жаңаша редак­цияланатын болады. Сол арқылы еліміздегі саяси жүйе мен саяси  басқарудың қайта құрылуы жүзеге асады. Exit poll қорытындысы бойынша референдумға қатысу 66,3%-ды құрады. Жақтап дауыс бергендер - 79,4%, ал қарсы болғандар - 20,6%.