"Қыс басталып кетті ма?" - Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

288

Шығыс Қазақстан облысы Риддерде 1870 м биіктікте орналасқан Проходной белок аймағын қар басып қалды, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі. 




Суретті Алексей Наконечный есімді азамат түсірген. Спорт базасы орналасқан 1 870 метр биіктікте қар түскен. Қазір сурет желіде қызу талқыланып жатыр.

Фото: видеодан скриншотАқпаратты "Қазгидромет" мамандары да растады.
 

"Риддердің өзінде және метеостанцияда қар жоқ. Қазір таулы аймақтарда жауын жауып жатыр. Қар аралас жаңбыр. Бірақ Риддерде және оның маңында бұл – қалыпты жағдай", – деп түсіндірді синоптиктер. 


Сонымен қатар мамандар алдағы күндері аймақта күн суытуы мүмкін екенін айтты. 

"Болжамға сәйкес Риддер, Катон-Қарағай сынды тауылы аудандарда алдағы күндері жаңбыр және қар түрінде жауын жауу күтіледі, күн суытып, үскірік жүруі ықтимал", – деді синоптиктер. 
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.