Қызметкерлеріне балағат сөз айтқан полиция департаментінің бастығы қызметінен қуылды

1 742

Фото: ІІМЖамбыл облысының полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзиннің қызметкерлеріне ұрысып, бейәдеп сөз айтып жатқан видеосы әлеуметтік желіде тарады, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі. 


Видеода байқағанымыздай, жиналыс өткізіп отырған ол үстелді тоқпақтап, қол астындағыларға дөрекі сөйлейді.


"Сендерді жек көремін. Бұл жерден жоғал", - дейді ол.


Айта кетейік, полиция генерал-майоры Баймурзин Арманбек Хакімбекұлы 1974 жылдың 3 сәуірінде Көкшетау облысының Щучинск қаласында туған. Білімі – жоғары.


1992 жылдың тамыз айынан 1994 жылдың қыркүйек айына дейін – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды жоғары мектебінде, 1994 жылдың қыркүйек айынан 1996 жылдың қаңтар айына дейін Қазақстан Республикасы МТК-нің жоғарғы тергеу мектебінде оқыды. Оны аяқтаған соң Алматы қаласының Әуезов ауданы бойынша МТК басқармасының тергеу бөлімшесінің тергеушісі болып қызмет атқарды.


2022 жылғы 10 ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін – Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы.


OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.