Қызылордада екі су жаңа автобус соқтығысып, 3 адам зардап шекті

852
Қызылорда қаласының сол жағалауында орналасқан «Orda School» мектебінің жанында «Yutong» үлгісіндегі екі қоғамдық көлік соқтығысып, жол көлік оқиғасы орын алған, - деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі.













Жердің қатуына байланысты қаламыздың көшелеріне құмаралас қоспа себу және толассыз жауған жаңбыр суын тазарту жұмыстары қарқынды жүргізілгенімен 2 ақпан 2023 жылы сағат 07:45 шамасында "Қызылорда автобус паркі" ЖШС-не қарасты мемлекеттік белгісі 079 AF 11
«Yutong» маркалы автобусы сол жағалаудың орталық көшесінде осы мекемеге қарасты мемлекеттік белгісі
086 AF 11 «Yutong» үлгісіндегі қоғамдық екі автобус соқтығысып жол көлік оқиғасы орын алды. Куәгерлердің айтуынша соқтығысқан қоғамдық көліктер қалаға әкелінген жаңа автобустар екені айтылуда.
Аталған жол көлік оқиғасы салдарынан үш жолаушы зардап шеккен. Автобус ішінде 8 сыныптың 1 оқушысы болғандығы анықталды. 




















Себелеп жауған жаңбырдың салдарынан туындаған көктайғақты тазалауға 400 мыңдай халқы бар Қызылорда қаласына 26 арнайы техника мен 250 жұмысшы жұмылдырылды.