19 жастағы жігіт көрші баланы қорқытып, бірнеше рет зорлаған
Шымкентте 19 жастағы тұрғын көршінің баласына сексуалдық сипатта зорлық көрсеткен, - деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі Otyrar.kz порталына сілтеме жасап.
Шымкент Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жабық сот отырысында И-ге қатысты қылмыстық істі қарады. 19 жастағы қала тұрғыны кәмелетке толмаған балаға жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасады деген күдікке ілінген.
Сот мәліметінше, И. 2023 жылғы қазанның аяғында 2013 жылы туған кәмелетке толмаған М-ның дәрменсіз жағдайын пайдаланып, оған қарсы бірнеше рет жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекетін жасаған.
Сот И-ді ҚК-нің 121-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, оған кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге байланысты педагогикалық лауазымдар атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны тағайындады. Үкім заңды күшіне енген жоқ.