20 мыңға жуық жұп ажырасып кеткен

373

Қазақстанда неке саны бір жылда 9%-ға өскен, ал ажырасу саны 14%-ға азайған, деп хабарлайды Opennews.kz ақпарат агенттігі  Экспресс К сайтына сілтеме жасап. 

2021 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында елде 140,3 мың неке тіркелген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,9%-ға артық. Қалаларда неке саны бір жылда 12%-ға немесе 99,4 мыңға дейін, ал ауылдарда — 1,9%-ға немесе 40,8 мыңға дейін артқан.

2021 жылы 12 айда 19,3 мың жұп ажырасқан, бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 10,8%-ға немесе 14,9 мыңға дейін, ауылдарда — 24,5%-ға немесе 4,4 мыңға дейін азайған.
Ең көп неке Алматы қаласында тіркелді. Мұнда 18,8 мың жұп некелескен, 2020 жылмен салыстырғанда 18,8%-ға артық. Үздік үштікке халық тығыз орналасқан Алматы (14 мың неке, бір жылда плюс 7,9%) және Түркістан (13,9 мың неке, бір жылда плюс 3,2%) облыстары енді.


Ең аз неке Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді (3,5 мың жұп некеге тұрған), өткен жылмен салыстырғанда 19,9%-ға көп.


Ажырасудың ең көп саны Алматы қаласы (2,6 мың), Алматы (2 мың) және Қарағанды (1,9 мың) облыстарына, ең азы — Қызылорда облысына (барлығы 437) тиесілі.


Елдегі неке коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 6,78-ден 7,29-ға дейін өсті. Некенің ең жоғары коэффициенті елордада тіркелді (1000 адамға 9,66). Үздік үштікте Алматы мен Атырау облыстары да бар.


Ажырасу коэффициенті 1 000 адамға шаққанда 1,18-ден 1-ге дейін төмендеді. Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарында ажырасу дерегі азайған.