ArtSport арқылы миллиондап қаржы жымқырған
Ақмола облсының прокуратурасы ArtSport бағдарламасын іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдардың қызметіне тексеру жүргізді, деп хабарлайды "Opennews.kz" ақпарат агенттігі.
Ведомство мәліметінше, жосықсыз кәсіпкерлер бұл бағдарламаны бюджет қаражатын жымқыру үшін пайдаланды. Тексеру барысында жалған секциялар мен үйірмелерді ашу, «өлі жандарды» рәсімдеу фактілері анықталды.
Прокуратура осы факт бойынша қылмыстық істі тіркеді, ол кейіннен сотқа жолданды.
Сот үкімімен аталған кәсіпкер ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды. Мемлекетке келтірілген материалдық залал өтелді, шарт бұзылды.
Қылмыстық іс ақталмайтын негіздер бойынша тоқтатылды, залал өтелді, осы кәсіпкермен шарт бұзылды.
Қазіргі уақытта барлық істердің тергеуі аяқталды, 3 айыптау үкімі шығарылып, мемлекетке келтірілген залал толық көлемде өтелді.
Айта кетсек, ArtSport бағдарламасы балаларға спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелерге тегін қатысуға мүмкіндік беру үшін арнайы жасалған, жеткізушілердің үй-жайларды жалға алу және жаттықтырушылардың жалақысы үшін барлық шығындарын мемлекет төлейді.