Қазақстанның үш өңірінде сапасыз бензин анықталды
Қазақстандағы жанармай құю станцияларында жүргізілген тексеру барысында сапа талаптарына сәйкес келмейтін бензин анықталды. Техникалық реттеу және метрология комитеті 22 отын үлгісін тексеріп, Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында заңбұзушылықтарды тіркеді,- деп хабарлайды Оpennews.kz ақпарат агенттігі.
Қазақстандағы жанармай құю станцияларында жүргізілген тексеру барысында сапа талаптарына сәйкес келмейтін бензин анықталған. Техникалық реттеу және метрология комитеті 22 отын үлгісін тексеріп, Алматы, Қызылорда және Жетісу облыстарында заңбұзушылықтарды тіркеген.
Алматыда АИ-100 бензині талапқа сай болмаған. Зерттеу нәтижесінде оның октан саны 100 емес, 99 болған. Сонымен қатар бензин құрамындағы күкірт мөлшері рұқсат етілген деңгейден 3,3 есе асып кеткен.
Қызылорда облысында АИ-95 бензиніне қатысты мәселе анықталды. Оның октан саны 95 болуы тиіс болғанымен, тексеру кезінде 92 деңгейінде көрсеткіш тіркелген.
Жетісу облысында АИ-92 бензинінің құрамындағы күкірт мөлшері нормадан жоғары шықты. Рұқсат етілген шек 50 мг/кг болса, тексеру барысында бұл көрсеткіш 105 мг/кг-ға жеткен. Осы факті бойынша шамамен 843 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Қазір уәкілетті органдардың қарауында бензин сапасына қатысты 12 өтініш бар. Оның 9-ы Астанадан, 2-еуі Солтүстік Қазақстан облысынан, 1-еуі Павлодардан түскен.
Бұған дейін азаматтардың шағымдарына байланысты Сауда және интеграция министрлігі бензин сапасын зауыттан бастап жанармай құю станцияларына дейінгі барлық кезеңде тексеріп жатқанын хабарлаған болатын.
Бензин сапасына қатысты шағымдар көбейгеннен кейін министрлік тексеруді бастады.
Қаз
Рус






