Сабалақтың халқы неге алаңдаулы?

878
«Opennews.kz» ақпарат агенттігінің тілшілері мән-жайды білу үшін саяжай тұрғындарымен кездесіп, мәселені толық зерделеп халықпен жүздесіп қайтты. 

Тұрғындардың айтуынша коммуналдық мәселеге байланысты наразылықтарын білдіріп БАҚ өкілдеріне шағымданып, билікке жағдайды жеткізуге тырысқан. Содан кейін Нұр Отан партиясы арнайы сала мамандарымен кездесіп, шешілу жолдарын қарастырып жатқанын хабарлайды. Қала әкімдігіне тұрғындарын мәселелері бойынша сұрау салғанымызда, жауапты бөлімнен арнайы хат келді. 


«Сабалақ саяжайына ауыз су желісі құрылысын аяқтау уақыты келісім шарт бойынша ағымдағы жылдың қазан айы деп жоспарлап отыр. «Мелиоратор» ЖШС жұмыстары қарқынды түрде орындап, нысанды қыркүйек айының аяғында пайдалануға беруді жоспарлап отыр» - делінген келген жауап хатта. Сонымен қатар Сабалақ саяжайы үйлерін электр жарығымен толық қамтамасыз ету мақсатында   8,3 млн теңге қаражат бөлініп, конкурс жеңімпазы «Энергосервис ЭТЛ» ЖШС-і қазіргі уақытта жоба сметалық құжаттар дайындап, мемлекеттік сараптама өткізді. ЖСҚ бойынша анықталған қаржы бөлуге құзырлы мекемеге бюджеттік өтінім табысталғанын және  осы бойынша Сабалақ саяжайы құрамындағы бірнеше саяжайлардағы тұрғын үйлер электр жарығымен қамтамасыз етілгендігін жеткізді. 


Алайда бұл мәселеден де басқа біздің мұңымыз бар дейді, саяжай тұрғыны, белсенді ана Гүлсәнім Әукенова. Оның айтуынша,  арнайы   полиция бөлімшесі мен әлеуметтік дүкеннің жоқтығы тұрғындардың жанына қатты батуда. Қиын жағдай болған кезде полиция өкілдері Тасбөгет кентінен келеді. Және жеңіл көлікпен келіп, саяжай ішін аралауға қиналатын көрінеді.  Сонымен қатар   медпунктке дәрігер қажет және балаларға арналған ойын алаңқайлары салынса,- дейді белсенді ана. 

Ғалия Жалғасова, 
журналист