Пышақ жарақатын алған науқастың туысы не дейді?

927
Қызылорда облысының тұрғыны пышақ жарақатымен ауыр халде ауруханаға түсті - деп хабарлайды Opennews.kz тілшісі.

4 қыркүйек күні Шанхай мөлтек ауданының 1963 жылғы тұрғыны Шуренова Айнагуль Сулейменовнаны психикалық ауытқушылығы бар інісі мойын тұсынан  себепсіз 2 рет пышақ сұғады. Ауыр жарақаттанған науқас шұғыл түрде көп бейінді облыстық ауруханаға жеткізіледі.

Туысы Назерке Жақсылыққызының айтуы бойынша «Апамды біршама уақыттан кейін арбаға салып қабылдау бөлмесіне тастап кетті. Мойнын бинтпен танып қойған, ол кісі сол жерде құсып,отыра алмай құлады. Мен айқай шығарғаннан кейін барып, кроватьқа жатқызды. Сол сәттін өзінде дұрыс обработка жасалмағаны, қан тоқтамай ағып жатты.Киімін де кигізбей тыржалаңаш  матаға орап әкеліп тастаған. Қазіргі таңда үйге ақылы түрде дәрігерлер шақырып қаратудамыз.102-ге арыз жазған едім, алайды арыз қаралмады деп, egov-тан хабарлама келді. Ауыр жағдайдағы адамға дұрыс қарамай, ем толығымен жасалмағанына қынжыламын»-дейді.

Әлеуметтік желідегі белсенді парақшалардың бірінде көп бейінді облыстық аурухананың баспасөз қызметі өз пікірлерін білдірді. Онда:        «науқас диагнозы «арқа аймағының  кесіліп, тесілген жарақаты». Науқас жарақатына алғашқы хирургиялық өңдеу жасалды. Қорытындысы қалыпты деп, науқас амбулаториялық емге жолданды.» -делінген.