Ақсайда дүкен иесін өз үйінің алдында атып кетті

296
15 шілдеде сағат 22:00-де Ихсанов көшесіндегі үйдің кіре берісінен күштеп өлтірілген кәсіпкердің денесі табылды, деп хабарлайды  Opennews.kz ақпарат агенттігі "Мой город" порталының сілтеме жасап.

Кәсіпкердің басына оқ тиген. 

Үй ауласынан қақпаның жанынан белгісіз маркадағы тегіс ұңғылы атыс қаруы табылып, тәркіленді.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, кәсіпкердің денесі сот-медициналық сараптама жүргізу үшін Орал қаласындағы мәйітханаға жеткізілді.

Аталған фактіге сәйкес, ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі, "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды.
OpenNews
ақпарат агенттігі
Заңды ақпарат

Басылым бетіндегі материалдарды пайдаланған жағдайда сілтеме жасалуы міндетті.

Ақпараттық өнім +18 жасқа толған және жасы одан жоғары адамдарға арналған.

Байланыс

Мәтінде қате таптыңыз ба?
Таңдап, оны белгілеп Ctrl + Enter басыңыз.

Әлеуметтік желілер

Copyright © 2010-2026. «OpenNews» - ақпарат агенттігі.